

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты – Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан. «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 2007 жылы 14 ақпанында құрылған. Ақтөбе облысындағы бірден-бір Республикалық деңгейдегі Ерекше Қорғалатын Табиғи Аумақ (ЕҚТА) болып табылады.
Құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Үкіметі. Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті.
Негізгі міндеттері:
Осы уақытқа дейін резерваттың жер көлемі — 763 549 га болып келді, өткен жылдан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысымен 409 962 гектарға ұлғайтылды. Қазіргі жер көлемі- 1 173 511 га,
Резерват территориясы солтүстігінде Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданымен (25 км), шығысында Қостанай облысымен (240 км) толықтай шектессе, оңтүстік шығысында және оңтүстігінде Қарағанды (25 км) және Қызылорда облыстарымен шекаралас немесе жанамалай шектеседі.
Резерват территориясы 3 табиғи аумақтан: №1 «Алакөл», №2 «Қосбүйрек» және №3 «Атанбас» табиғи аумағынан тұрады.