Тораңғы туралы не білеміз? Тораңғы (Populus diversifolia) — шөл және шөлейт аймақтарда өсетін сирек кездесетін ағаштардың бірі. Ол терек тұқымдасына жатады және ғылыми атауы – әртүрлі жапырақты терек. Тамыр жүйесі өте қуатты, жан-жаққа таралып, тереңге бойлайды. Кейбір зерттеушілер «тораңғы» атауының өзі оның торланған тамырларына байланысты шыққан болуы мүмкін деп болжайды. Тораңғы табиғаттың қатал жағдайларына ерекше бейімделген. Ол құрғақшылыққа, аптап ыстыққа және сортаң топыраққа төзімді келеді. Тамырлары жер асты ылғалына дейін жететіндіктен, шөлді аймақтарда да жақсы өсіп, дамиды. Қолайлы жағдайда бірнеше жүз жыл өмір сүре алады. Кейбір табиғи тоғайларда биіктігі 2 метрден 17 метрге дейін жететін, жасы 70 жылдан асқан ағаштар кездеседі. Тораңғының басты ерекшелігі – жапырақтарының әртүрлі пішінде болуы. Бір ағаштың өзінде домалақ, сопақша және үшкір жапырақтар қатар кездеседі. Осы ерекшелігіне байланысты ол «әртүрлі жапырақты терек» деп аталған. Қазақстанда тораңғы көбіне Іле және Сырдария өзендерінің аңғарларында, сондай-ақ шөлейт өңірлерде өседі. Бұл ағаш құм көшкіндерін тоқтатуға, топырақты бекітуге және қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін сақтауға зор үлес қосады. Сонымен қатар көптеген құстар мен жануарларға мекен болып табылады. Тораңғы ағаштары ежелгі дәуірлерден сақталған табиғи мұра саналады және ғалымдар оларды реликт ағаштар қатарына жатқызады. Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағында реликт түр – тораңғы (Populus diversifolia) тіркелген. Оның анықталған координаттары: N48°23′652″, E062°44′116″. Резерваттың Айжарық және Өтеген учаскелерінде көлемі шамамен 400 гектарды құрайтын тораңғы тоғайы өседі. Сондай-ақ Жанбай бұлағы маңында да тораңғы тоғайлары қалыптасқан. Бұл аумақтарда жыл бойы мониторинг жүргізіліп, тораңғы популяциясының жағдайы тұрақты екені анықталған. Тораңғы табиғаттағы ерекше әрі пайдалы ағаштардың бірі болғандықтан, көптеген өңірлерде қорғауға алынған. Оның азаюына заңсыз ағаш кесу, су көздерінің тартылуы және климаттың өзгеруі әсер етуде. Сондықтан тораңғыны сақтау мен қорғау – табиғи мұрамызды келер ұрпаққа аман жеткізудің маңызды міндеттерінің бірі. Толығырақ » 18 июня, 2026
“Парктер шеруі – 2026” акциясы өз мәресіне жетті! 5 маусым — қоршаған ортаны қорғау күніне орай , Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны аялауға бағытталған дәстүрлі «Парктер шеруі – 2026» акциясы қорытындыланып, өз мәресіне жетті. Жалпы акция аясында экологиялық сенбіліктер, ағаш отырғызу, табиғатты қорғау бағытындағы танымдық кездесулер, көрмелер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Акцияның салтанатты жабылуы кешінде байқауға қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталып, сыйлықтар тапсырылды. Екі айға созылған Іс-шара 5000 жуық адам адам ат салысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Бұл іс шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру және туған жер табиғатына деген жанашырлық сезімді нығайту болды. Акцияға белсене қатысып, табиғатты қорғау ісіне үлес қосқан барлық мекемелерге, ұстаздарға, жастарға және тұрғындарға алғыс білдіреміз. Толығырақ » 5 июня, 2026
ЕҚТА-ның шекарасына жақын орналасқан елді мекендер мен қаумал аумағындағы шаруа қожалықтары арасында табиғатты қорғау бағытында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындар мен шаруа қожалық иелеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі ережелері, заңсыз аң аулау мен табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің алдын алу жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғи аумақтардың биоалуантүрлілігін сақтау, жануарлар дүниесін қорғау және тазалықты сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 03 Толығырақ » 3 июня, 2026
Ырғыз аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты бірлесіп далалық өрт қауіпті маусымына байланысты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – табиғи аумақтарда орын алуы мүмкін өрттердің алдын алу, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету, сондай-ақ мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Іс-шара барысында өрт сөндіру техникалары мен құралдарының дайындығы тексеріліп, шартты өрт ошақтарын сөндіру тактикалары пысықталды. 02 Толығырақ » 2 июня, 2026
🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Таза су айдындары» атты сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында қызметкерлер Ырғыз өзенінің жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, табиғи ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды. Нәтижесінде өзен бойынан 4 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы орындарға шығарылды. 🌱 Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты алдағы уақытта да табиғатты қорғау және тазалық бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра береді. Толығырақ » 30 мая, 2026
Туристік маусымның ашылуына байланысты Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы «Шалқар тебізі» туристік маршрутына абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында маршрут аумағы қоқыс қалдықтарынан тазартылып, ыстық атпа суы бассейіні боялып, демалушыларға арналған орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар, туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылып, табиғи ортаның тазалығы сақталды. Аталған жұмыстар табиғи аумақтарды қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ішкі туризмді дамыту бағытында ұйымдастырылды. Резерват қызметкерлері алдағы уақытта да туристік маршруттарда абаттандыру және табиғатты қорғау шараларын тұрақты түрде жалғастырады. Толығырақ » 28 мая, 2026