«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мен Торғай мемлекеттік табиғи қаумалы территориясында 2 туристік экскурсиялық маршрут жұмыс жасайды.
№1 маршрут «Малайдар көлдер жүйесі» туристік экскурсиялық маршруты төлқұжаты ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 01.04.2010 ж №131 бұйрығымен бекітілді. Ырғыз аудандық әкімдігінің 03.06.2010 жылғы № 117 қаулысымен Тәуіп селолық округіне қарасты Малайдар көлдер жүйесінен рекреациялық мақсатқа 3087 га жер телімі тұрақты пайдалануға берілді. Маршрут басты географиялық белгілеріне байланысты 6 — бөлімнен тұрады. Маршруттың (соқпақ) ұзақтығы 297,3 км; оның ішінде атпен — 34 км, жаяу — 12,4 км, автокөлікпен — 240,5 км, қайықпен — 10,4 км. Экскурсиялық топтың лимиті (6-адам) жетісіне 1 — топ, бір айда 4 — топ.
№2 «Торғай-Нұра» туристік экскурсиялық маршруты төлқұжаты ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2020 ж. 5.02. №27-5-6/18 бұйрығымен бекітілді (15.09.2021ж №27-5/186 бұйрығымен 7 тармағына өзгеріс енгізілді). Маршруттың (соқпақ) ұзақтығы 260 км; оның ішінде жаяу — 14 км, автокөлікпен – 241 км, қайықпен — 5 км. Экскурсиялық топтың лимиті (6-адамнан) жетісіне 4 — топ, бір айда 16 – топ.
№3 «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» территориясындағы «Шалқар тебізі» туристік маршрутының төлқұжаты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 24.08.2022 ж №190 бұйрығымен бекітілді.
Маршруттың (соқпақ) ұзақтығы 509,5 км; оның ішінде жаяу-1,5 км, автокөлікпен–508 км. Экскурсиялық топтың лимиті (6-адам) аптасына 6- топ, бір айда 24 — топ.