ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН ДАЛАЛЫҚ ЖҰМЫС 🌿«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары тәжірибе алмасу мақсатында «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватына іссапармен келді. 🔸 Іссапар барысында қонақтар резерваттың келушілер орталығындағы музеймен танысып, табиғи аумақты қорғау және сақтау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат алды. 🔸 Сонымен қатар мамандар бірлескен далалық жұмыстарға қатысып, «Малайдар» туристік бағытымен танысты. Далалық жұмыстар барысында табиғи кешендерді бақылау, құстар дүниесін зерттеу және мониторинг жүргізу бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. 🌿 Мұндай кездесулер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, табиғатты қорғау саласындағы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді.