Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімінің қызметкері Ә.Жаушыбаева, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы Ш. Ақашова, мемлекеттік инспектор А. Жұбаниязов 2024 жылдың 23-25 тамыз күндері N3 Атанбас табиғи аймағындағы Ыстық атпа, Айырмола, Көлшеген жерлеріне өсімдіктер жамылғысының жай-күйін бақылау мақсатында іс-сапарда болды. Аталған аймақтағы орнатылған фенологиялық алаңдарға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, гербарий жиналды.












