“Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты” РММ бас директоры А. Бақтыбаев, кіші ғылыми қызметкер-мемлекеттік инспектор Қ.Алданов, мемлекеттік инспектор Н. Дүйжанов 2024 жылдың 20-22 қыркүйек күндері аралығында резерват террияториясы аумағында киіктердің күзгі миграциялық жайылымына байланысты қорғау-күзету жұмыстарын күшейту, құқық бұзушылықты болдырмау, алдын-алу,анықтау және балық аулау фактілерінің алдын-алу мақсатында “Охотзоопром ӨБ” РМҚК инспекторлық топ құрамымен және Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен іс-сапарда болды. Іс-сапар нәтижисінде “Қосбармақ” аумағында 320 дана киік жануарының мүйізіне ұқсас мүйіздер және 2 бірлік қос ұңғылы қаруы табылды.
