Туған жердің биоалуантүрлілігін зерттеу оқушылар қызығушылығын арттырып келеді. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жобаға Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебінің 6 а сынып оқушылары “Қоқиқаздың тіршілігі мен таралуы” тақырыбын таңдауына сәйкес мекеме орнитологы қоқиқаз туралы ақпараттар мен мәліметтер берді. Құстарды бақылау мерзімдері мен әдістері, резерваттағы қоқиқаздың таралу ареалдары туралы түсіндіріп, құстарды бақылау үшін қажетті құрал-жабдықтармен таныстырды.






