”Таза Қазақстан” акциясы

”Таза Қазақстан”- елімізде қоршаған ортаны қорғауға, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бастама. Бұл жобаға 14 қаңтар күні ауданымыздағы №1 Қазақ ЖББОМ және Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ оқушылары ат салысты. Экологиялық тазалықты сақтауды, табиғи ресурстарды қорғауды және экологиялық тәртіпті жақсартуды көздейтін акцияның мақсаты туралы “Экологиялық ағарту және туризм” бөлімінің басшысы Т.Сарыбаев баяндады, БАҚ өкілдерінен аудандық “Ырғыз” газетінің тілшісі қатысты. Акция аясында үйеңкі, итмұрын және шие ағашының тұқымдары 200 контейнерге отырғызылды.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау- ортақ міндет, баршаңызды акцияға ат салысуға шақырамыз!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?