Мекемемізде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, құрметті зейнеткерлікке жеткен Тұрғанбек Жиеналыұлы мен Сәлім Қаражанұлына арналған “Абыройға бөлеген адал еңбек” атты мерекелік шара болып өтті. Резерват ұжымы мерейлі 63 жасқа толған туған күндерімен құттықтап, ыстық ықылас пен жылы лебіздерін білдірді. Табиғат қорғау саласында талмай еңбек етіп, зейнеткерлік жасқа толған әріптестерге сый-құрмет көрсетілді.




