Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында аэрация жұмыстары жүргізілуде
Көлдердегі балықтың қырылуына жол бермеу мақсатында Ырғыз-Торғай резерватының инспекторлары аэрация жұмыстарын жүргізуде – су айдындарын оттегімен байыту үшін мұз ойылып жатыр. Бұл шаралар су экожүйесін сақтап, көлдердегі тіршілік иелері үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.



