Мекеме құрылғаннан бері абыройлы қызмет етіп, табиғат қорғау саласында аянбай еңбек еткен Қарымсақов Марат және Сырымбет Қуантай әріптестеріміздің мерейлі 63 зейнеткерлік жасқа толған күндері салтанатты түрде аталып өтілді. Мекеме қызметкерлері әріптес ағаларына арнап концерттік бағдарлама мен естелік сый-құрметтерін көрсетті.
Еткен еңбек пен төккен тердің зейнетін көретін зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!








