Құстарға жем салатын ұяшық жасау- дәстүрлі шаралардың бірі.
Мемлекеттік инспектор-М.Нұрланұлы, мекеме орнитологы-Д.Сәдуақас және “Экологиялық ағарту және туризм” бөлімінің маманы Б.Жаңабай №1 Қазақ ЖББОМ оқушыларына Ырғыздағы мекен ететін құстар туралы түсінік берді, 2025 жылғы жыл құсы туралы баяндама оқыды. Ұяшық жасауды үйретті. Экосабақ барысында ауыл маңы құстарына қамқорлық жасап, күнделікті бақылап, ұяшықтар орнатуға шақырды. Оқушылар өз аулаларына да құс ұяшықтарын жасап, ағашқа орнататындығын қуана жеткізді.
Құстарға қамқор болайық!



