🦩“Ғылыми ақпараттық және мониторинг” бөлімінің басшысы Ә.Сәскебай, орнитолог-мемлекеттік инспектор Д.Сәдуақас, көлік жүргізушісі Н.Кішкентаев болып 3-6 мамыр аралығында көктемгі құстардың есебін алу мақсатында Ырғыз,Торғай өзендері бойы, Малайдар көлдер жүйесі, Омар Әбіш көлі, Байтақкөл, Келтекөл,Балықкөл, Бөкенкөл, Жаркөл,Үлкен Айкөл, Кіші Айкөл, Жаныскөл, Шұбаркөл көлдеріне мониторинг жүргізіп, су және су маңы құстары, дала құстарының ұшып келуін бақылады.🦅Үйректерден 12 түр, бірқазандардан 2 түр, қаршығалардан 5 түр, тырналардан 2 түр, сутартардан 1 түр, дуадақтан 1 түр, балшықшылардан 1 түр, шағаладан 4 түр, жапалақтан 1 түр, құтандардан 3 түр, тәртеңдерден 2 түр, тауқұдіреттен 2 түр, барлығы 15 тұқымдасы бойынша 40 түрлі құс тіркелді.🦆Сүтқоректілерден киік және жабайы шошқа кездесті.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?