Наурыз айынан бастау алып 2 ай бойы өткізілген “Парктер шеруі-2025” табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған барлық байқаулар бойынша жеңімпаз оқушылар марапатталып, сыйлықтар тапсырылды. Резерват мекемесімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыстар атқарған ұстаздар еңбегі еленіп,алғыс хаттар табысталды. Акцияға ат салысқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз! Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!