“АҚТӨБЕ МЕДИА” ЖШС өкілдерімен кездесу Ауданымызға іс сапармен келген “Ақтөбе медиа” өкілдері Ырғыз-Торғай резерватына арнайы келіп, мекеме қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында облысымыздың белгілі журналисті Жаңагүл Жүрсін табиғатты қорғауда еңбек етіп жүрген мекеме қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Сонымен бірге резерваттың табиғат музейімен танысып, табиғатты қорғап, сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарымызға сәттілік тіледі.