Қысқы мониторинг жұмыстары ♦️ Ырғыз — Торғай мемлекеттік табиғи резерват аумағында Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, инспекция бөлім басшысы Б.Жапаров, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты», Ғылыми қызметкері Ж.Абдыкеримов, Ырғыз-Торғай МТР РММ-нің «ҒА және мониторинг» бөлімің басшысы, Ә.Сәскебай, Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру бөлімінің бас маманы Қ.Алданов болып қысқы мониторинг жұмыстарын жүргізді. Жалпы іс-сапар барысында киіктердің жай -күйі бақыланып кездескен жануарлар (орқоянның 4,түлкінің 4,дала мысығы 1 дарағы ) есепке алынды. Іс-сапар кезінде төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?