📌 Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтті Мекемеде Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылып, күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды: 🔹 2025 жылдың қорытынды есебі тыңдалды; 🔹 2026 жылға арналған мекеме, бөлімдер және ҒТК-ның жылдық жоспарлары бекітілді; 🔹 Ғылыми тақырыптық зерттеу жұмыстарының 2026 жылға арналған жеке күнтізбелік жоспары қаралып, бекітілді; 🔹 Шығарылатын ақпараттық-баспа өнімдері талқыланып, баспаға ұсынуға келісім берілді; 🔹 «Ботаника және фитоинтродукция институты» ҚР ЭТРМ ОШЖДК және Астана ботаникалық бағы ҚР ЭТРМ ОШЖДК мекемелерімен ынтымақтастық меморандум орнату және бірлескен жұмыс жоспарларын әзірлеу мәселелері қарастырылды; 🔹 «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Батыс Қазақстан филиалымен бірлескен ғылыми жұмыстар жоспары мен іс-сапар мерзімдері айқындалды; 🔹 2025 жылы бұқаралық ақпарат құралдарымен жүргізілген жұмыстар бойынша есеп берілді; 🔹 «Табиғат жылнамасы – 2025» есебі тыңдалып, бекітілді. Баяндамашылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен есептік деректерін ұсынды.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?