2026 жылдың 14–16 сәуір аралығында резерват аумағында құстардың көктемгі есебін алу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға топ басшысы – Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімінің басшысы Т.Сарыбаев, орнитолог – мемлекеттік инспектор Д. Сәдуақас және көлік жүргізуші – мемлекеттік инспектор Н. Кішкентаев қатысты. Бақылау жұмыстары резерваттың №1 Алакөл табиғи аймағында жүргізіліп, құстардың көктемгі есебі алынды. Іссапар барысында 18 тұқымдасқа жататын 58 түр анықталып, жалпы саны 8745 дарақ тіркелді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?