“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары Ә. Сәскебай оқушыларға “Табиғат тазалығы – тән саулығы” тақырыбында танымдық экологиялық дәріс өткізді. Дәріс барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі маңызы, оны сақтау мен қорғаудың негізгі жолдары туралы маңызды мәліметтер берілді. Сонымен қатар, “Табиғат – тіршілік тірегі” атты көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға табиғи байлықтарды сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды.