
2022 жылдың 6-11 мамыр аралығында Ырғыз-Торғай резерваты аумағында киіктердің төлдеу кезіндегі орындарына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бетпақдала популяциясындағы ЕҚТА территориясында киіктердің төлдеу кезінде жүргізілген мониторинг жұмыстары бойынша салмағын, дене ұзындығын, жыныстық құрамын анықтау жұмыстары атқарылды. Ырғыз-Торғай аумағында киіктердің төлдеуі Қосбүйрек жерінде сәтті өтті.