СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ 2026 жылғы 25 қыркүйектегі кеңес хаттамасына сәйкес, «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты РММ қызметкерлерімен Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары К.С. Аязовтың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері талқыланды. Жиынның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарын нығайту. Адалдық пен әділдік – қоғам сенімінің негізі!

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛ КІТАПТАҒЫ ҚОҚИҚАЗДАР — ЫРҒЫЗ-ТОРҒАЙДА Тәжірибе алмасу мақсатындағы іссапар барысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының көлдер жүйесінде далалық бақылау жұмыстарын жүргізді. 🛑 «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының көлдер жүйесінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген қоқиқаздар (Phoenicopterus roseus) бейнетаспаға түсірілді. Қоқиқаздар — таяз сулы су айдындарында қоректенетін, маусымдық кезеңде ірі топтар құрайтын су құстарының бірі. Ырғыз-Торғай резерватының көлдер жүйесі қоқиқаздар мен басқа да су құстары үшін маңызды табиғи мекендердің бірі болып саналады. 🦩 Көл үстіндегі қоқиқаздардың біртұтас тобы — табиғаттың ерекше көріністерінің бірі.

Толығырақ »

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН ДАЛАЛЫҚ ЖҰМЫС 🌿«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары тәжірибе алмасу мақсатында «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватына іссапармен келді. 🔸 Іссапар барысында қонақтар резерваттың келушілер орталығындағы музеймен танысып, табиғи аумақты қорғау және сақтау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат алды. 🔸 Сонымен қатар мамандар бірлескен далалық жұмыстарға қатысып, «Малайдар» туристік бағытымен танысты. Далалық жұмыстар барысында табиғи кешендерді бақылау, құстар дүниесін зерттеу және мониторинг жүргізу бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. 🌿 Мұндай кездесулер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, табиғатты қорғау саласындағы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді.

Толығырақ »

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ 2026 жылдың 1 қазан күні «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-де төмендегі тақырыптар бойынша ғылыми-техникалық кеңес өткізілді: 1. Жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс, оқу және өндірістік тәжірибеден өткен студенттермен жүргізілген жұмыстар – ғылыми қызметкер Д. Құлынбай; 2. «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» аумағындағы сирек кездесетін өсімдіктер» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының аралық есебі – ғылыми қызметкер Ә. Жаушбаева; 3. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларға жүргізілген мониторингтік жұмыстар және жасалған коллекциялар есебі – ғылыми қызметкер А. Байзол; Кеңес барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалып, ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жұмыстарға қатысты ұсыныстар айтылды.

Толығырақ »

КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында күзгі миграциялық кезеңге байланысты кезекті рейд жұмыстары жүргізілді . Рейд жұмыстарына мемлекеттік инспекторлар М. Қосыбек, Д. Дәуренбеков және көлік жүргізушісі М. Қалмаш қатысты. Рейд барысында табиғи аумақтың қорғалуы, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құстар мен киіктердің жай-күйіне бақылау жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ »

Табиғат қорғауға арналған еңбек жолы Теміржан Төлепбергенов — Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты құрылған 2007 жылдан бері табиғат қорғау саласында еңбек етіп келе жатқан мемлекеттік инспектор. 🌿 Еңбек жолын мемлекеттік инспектор қызметінен бастаған ол 2013–2015 жылдары Табиғи кешенді қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Бүгінде мемлекеттік инспектор ретінде жұмысын жалғастырып, көпжылдық тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп келеді. Резерваттың алғашқы жылдары оңай болған жоқ. Техника мен қажетті құрал-жабдықтар жеткіліксіз, даладағы жұмыс жағдайы толық қалыптаспаған кезеңдер де болды. Соған қарамастан табиғатты қорғау ісі үздіксіз жалғасты. Қазір Теміржан Әмірханұлы үшін дала — тек жұмыс орны емес. Жылдар бойы бақылаған аумақтың әр бөлігі, ондағы жануарлар мен өсімдіктер — күнделікті еңбегінің ажырамас бөлігі. Табиғатты қорғау — үлкен жауапкершілікті, төзімділік пен өз ісіне адалдықты талап ететін қызмет. Теміржан Төлепбергеновтің еңбек жолы — осы мамандыққа деген тұрақтылық пен жауапкершіліктің көрінісі.

Толығырақ »
WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?