Ағымдағы жылдың 27-28-29 қыркүйек күндері «Орталық Азиядағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғатты қорғаудың цифрлық әдістерін күшейту» тақырыбында GIZ, АСБК және Германиялық Зукков қорының ұйымдастыруымен табиғи резерват мекемесінде Халықаралық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты SMART құрылғысын қолдану арқылы инспекторлардың жұмысын жақсарту программаға енгізу арқылы цифрлық әдісті қолдану. Бұл құрылғы интернет байланыссыз жұмыс жасай береді. Осындай программаның артықшылығы мен қолданылуы туралы ашық сұрақтар қойылып, ой-пікір алмасты. Семинарға Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркменстан, Барсакелмес және Үстірт қорығының мамандары қатысты.





