1-сәуірде әлем бойынша құстар күнін дәстүрлі түрде атап өтеді.
Бұл күннің шығу тарихы ХХ ғасырдан басталады. 1902 жылы Парижде оншақты мемлекет қол қойған «Халықаралық ауылшаруашылығында маңызы бар құстарды қорғау конвенциясы»-құрылды. 1905 жылы 12-желтоқсанда күшіне еніп, 1906 жылдан тойлана бастады. Атаулы күннің мақсаты – табиғаттағы құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу.
Қазіргі уақытта резерват территориясында құстардың 250 түрі кездеседі, олар 16 отрядка, 39 тұқымдасқа бөлінеді. 123 түрі ұя салатындар, 127 түрі ұшып өтетіндер, оның ішінде 34 түрі Қызыл кітапқа тіркелген, 12 түрі Халықаралық Қызыл кітап тізбесінен. Өлкемізде бұйра және қызғылт бірқазандар, сабырлақ және сұңқылдақ аққулар, қоқиқаз, жалғабай, ақбасүйрек секілді қызыл кітапқа енген құстар жиі кездеседі.
Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі. Осыған байланысты барлықтарыңызды Халықаралық құстар күнімен құттықтаймыз!










