Парктер шеруі – халықаралық деңгейде жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Акцияның шығу тарихына тоқталар болсақ, 1840 жылы Дж.Стерлинг Мортонның АҚШ-тың Небраска штатына келуінен басталады.
Ол жаңа қоныстағы алқапта тұрған жалғыз ағашқа көзі түсіп, әйелі екеуі ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын бастаған болатын. Кейінірек Мортон Небраска штатындағы газеттің редакторына абаттандыру күніне арнап тұрғындардың ағаш көшеттерін отырғызу күнін өткізуді ұсынды. Бұл бастама кеңінен қолдауға ие болды. Ең алғашқы ағаш күнінде штат тұрғындары миллионға жуық ағаш отырғызды.
Мортонның туған күніне орай 1882 жылы 22 сәуір – ағаш отырғызу күні ретінде ресми жарияланды. Ал 1970 жылдан бастап Жер күні қоршаған ортаны қорғау және экологиялық білімге арналған мерекеге айналған болатын. Осы аяда «Парктер шеруі» халықаралық мерекесі 1990 жылдан басталды. Оған 141 елден 200 миллион адам қатысты. 90-жылдардың басынан бастап Жер күні – «Парктер шеруі» деген мағына берді. 1995 жылдан бастап оған Ресей қорықтарымен ұлттық парктері қосылды. Ал 1997 жылы парктер шеруі бұрынғы КСРО-ның барлық аумағында – Украина, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы 150-ден астам парктерде өткізілетін болды.
Акция 2 айға созылады. Бұл акцияның басты мақсаты — жергілікті тұрғындармен мемлекеттік билігі бар органдардың алдында табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, қажетті ақпараттар легімен таныстыру.
«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі бұл акцияны 2008 жылдан бері аудан орталығымен селолық округтерде ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар көршілес Ұлытау, Шалқар, Қызылорда облыстары және Актөбе қаласының мектептері, университеттеріде қамтылады. Акция аясында мектеп оқушыларымен жергілікті тұрғындар арасында арнайы экологиялық сабақтар, лекциялар, дөңгелек үстел, сенбіліктер мен сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасаудан т.б байқаулар ұйымдастырылады.







