Бұйра бірқазан -Кудрявый пеликан-Pelecanus crispus

Категориясы-2, Саны азайып бара жатқан түр. ҚР Қызыл кітабына және ХТҚО енген. Ұя салатын  және  ұшып өтетін  түр

Салмағы 13кг,қанат құлашы 270-320 см болатын ірі құс. Реңі ақшыл, қауырсындары  сұрлау құс. Басындағы  қауырсындары бұйра, ал тұмсығы қызғылт. Қызғылт  бірқазаннан ерекшелігі – қауырсынында қызғылт рең болмайды. Мөлшері біршама үлкен,қанаттарының астыңғы жағы күңгірт түстен,  ашық түске дейін өзгереді. Ұясында  2-4  жұмыртқа   болады, аналығы  1   айдай шайқайды. Ересектері балапандарын алқым қапшығындағы жартылай қорытылған азықпен, кейін балықпен қоректендіреді. 2,5айда жас құстар қанатына қонады. Наурыз айында ұшып келіп, көлдердің мұз басуына қарай ұшып кетеді.

        Резерват және Торғай зоологиялық қаумалы территориясында 2023 жылы- Алакөл, Байтақ көл, Жігіт көл, Үлкен қарақатын көл, Бақшақкөлден барлығы 1421 дарақ кездесті.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?