Жыл сайын 2 ақпанда бүкіл планетада атап өтіледі.
Бұл күнді тойлау күні кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы күні, 1971 жылы 2 ақпанда Иранның Рамсар қаласында (Мазандаран провинциясы) сулы-батпақты жерлер туралы конвенцияға қол қойылды. Бұл құжат «Рамсар конвенциясы» ретінде танымал. «Сулы-батпақты жерлер туралы конвенцияға» Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлерді қорғау мақсатында (негізінен суда жүзетін құстардың тіршілік ету ортасы ретінде) қол қойылды.
1976 жылы КСРО Рамсар тізіміне Қазақ КСР аумағында орналасқан екі сулы-батпақты алқаптарды енгізді: «Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі» және «Ырғыз бенТорғай өзендерінің төменгі ағысындағы көлдер». Бірінші нысан 2007 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде Конвенцияны бекіткеннен кейін тізімге қайта қосылды. Содан кейін Жайық өзенінің атырауы және Каспий теңізінің іргелес жағалауы, Қойбағар-Тімтуір көлдер жүйесі, Қулыкөл-Талдыкөл көлдер жүйесі, Жарсор-Орқаш көлдер жүйесі, Наурызым көлдер жүйесі, Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі, Іле өзенінің атырауы және Балқаш көлінің оңтүстік бөлігі, Солтүстік Арал теңізімен Сырдария атырауы тізімге қосылды.






