Су қоймасының аэрациясы – судағы биологиялық процестердің қалыпты өмір сүруі үшін қажет оттегімен суды байыту. Оттегі өз кезегінде судағы тіршілік иелерінің тыныс алуына, органикалық заттардың ыдырауына қажет. Аэрациялық жұмыстарды жүргізу қыс мезгілінде өте өзекті. Аэрация – табиғатқа суда еріген оттегінің табиғи қажеттілігін сақтауға және тоғандағы тіршілікті белсендіруге көмектеседі. Қарапайым тілмен айтқанда, суқоймасының периметрімен ортасында ойықтар шұңқырланып, жасалған бос шұңқырға «демалатын» өсімдіктердің шоқтары, мысалға, қамыс салынады. Ол оттегін жақсы өткізеді.
Дәл осындай аэрациялық жұмыстарды жүргізу барысында ағымдағы жылдың 23-24 қаңтар күндері «Нұра»,»Белшер» бөлімінің мемлекеттік инспекторлары Нұра елді мекенінің Торғай өзені бетінде 45 ойық және Белшер елді-мекеніндегі су айдындарына 56 ойық салды.
Су тереңдігі – 1 – 1,5 метр, мұз қалыңдығы – 40-50 см.
Аталмыш жұмыстар алдағы уақыттардада жүргізілетін болады!





