Маубас жапалақ – жыл құсы

Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңейді. Құс – табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек.  Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Жер бетінде 8600-ге жуық құс болса, біздің Республикамызда 489 құстың түрі бар.

Құстарын аялау, қорғауға тәрбиелеуде «Жыл құсын» таңдау дәстүрге айналған. Жыл құсын таңдау шарасы – жойылып бара жатқан құстарға адамдардың назарын аудару, сол арқылы сақтап қалу. Ол жыл сайын таңдалады.

            Елімізде биылғы жылдың құсы деп маубас жапалақ танылды. Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) мүшелері 2024 жылдың құсын анықтауда маубас жапалақ пен қара сайрақты қатар қойып дауыс бергенде алғашқысы 83%-бен озып шыққан.

Қазақстанда жыл құсын таңдау шарасы осымен он тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Іс-шараның мақсаты – құстың түрiн сақтау, қорғау мәсе­лесiне жұртшылықтың назарын ау­дару, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу екенін айтады. Біздің елде жапалақтың 13 түрі кездеседі. Солардың ішіндегі маубас жапалақ (Otus scops)

Маубас жапалақ елімізге сәуір-мамыр айларында ұшып ке­леді. Қар кетіп, жер қарайысымен олар алдымен оңтүстік өңірге ке­леді. Өйткені ол жақтағы жәндік­­­терге ер­терек жан бітеді, қалың то­ғай, қарағайлы орманда көбірек та­ралады. Тамыз, қыркүйек айында жылы жаққа ұшуға қамдана бастайтын құс тропикалық Африканы, Сахараның оңтүстік жағын қыстап шығады. Бұл құсқа жасанды ұялар жасау ар­­қылы көмектесуге болады. Егер күн­­діз демалып отырған құсты көр­­сеңіз, оны мазалаудың қажеті жоқ. Ол ағаштың басында отырып мұңды үн шығарады. Құмығып шыққан үн араға 2-3 секунд салып қайталанып тұрады. Жапалақ­тар көктемде ұшып келгеннен кейін сайрай бастайды.

Маубас жапалақ ( Otus scops) —жапалақ тәрізділер  отрядына жататын кішкентай құс. Дене мөлшері 19-21 см, салмағы 60-130 г, қанаттарының ұзындығы 50 см-ге дейін.

Түсі сұр-қоңыр, иық қауырсындарында ақ дақтары бар. Мамыр-шілде айларында көбейеді Маубас жапалақ түнгі көбелектер мен қоңыздармен қоректенеді, омыртқалыларға сирек шабуыл жасайды. Ол кішкентай бақаларды, кесірткелерді, сүтқоректілерді аулай алады. Табиғатта ол 6 жылға дейін өмір сүреді. «Ырғыз — Торғай» резерваты территориясныда тіркелмеген. АСБК мамандарының зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда маубас жапа­­лақтың 2 түршесі кездеседі. Кәдімгі маубас жапалақ (Otus scops scops) еліміздің батыс бөлігінде кездессе, сі­бір маубас жапалағы (Otus scops pulchellus) қалған аймақ­тарда ме­кендейді. 

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?