2-ақпан сулы-батпақты алқаптар күні

Рамсар конвенциясы сулы-батпақты алқаптарды халықаралық деңгейде қорғаудың негізгі тетігі болып табылады. Рамсар қаласында (Иран) 1971 жылы 2 ақпанда Рамсар конвенциясына қол қойылды, оған қол қойған күн 1997 жылы Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күні болып жарияланды.

Конвенцияның негізгі мақсаты күллі әлемде орнықты дамуға қол жеткізу құралы ретінде сулы-батпақты алқаптарды сақтау және оны ұтымды пайдалану болып табылады.

Рамсар Конвенциясы тізіміне 1976 жылы Теңіз-Қорғалжын мен Ырғыз-Торғай көлдер жүйесі Қазақстандағы  дүниежүзілік маңызы бар сулы батпақты өлкелер ретінде  енгізілген болатын. Ырғыз-Торғай көлдер жүйесі арқылы  көктемде құстар шығыс Сібірге, Батыс Европаға, ал  күзде оңтүстік өлкелерге, Индия мен Пәкстанға ұшып өтеді, уақытша аялдайды. ЕҚТА-да құстардың  250 түрі кездеседі, олар  16 отрядқа, 39 тұқымдасқа бөлінеді. 123 түрі ұя  салатындар, 127  түрі ұшып өтетіндер, оның ішінде   34 түрі  Қызыл кітапқа тіркелген,  12 түрі Халықаралық Қызыл кітап тізбесінен. Бұл өлкеде бұйра және қызғылт бірқазандар, сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар, қоқиқаз, жалбағай, ақбас үйрек, секілді қызыл кітапқа еңген құстар жиі кездеседі.

Халықаралық деңгейдегі сулы-батпақты өлкелер тізіміне Ырғыз-Торғай көлдерінің  жүйесінен Қызыл көл, Айыр көл, Шолақ көл, Қармақ көл, Майкөл, Қулыкөл, Айдаркөл, Айкөл тіркелген. Осы сулы-батпақты өлкеміз маңызды орнитологиялық территориялар қатарында. Жалпы Ырғыз-Торғай резерват территориясында 30 көл, ал Торғай мемлекеттік табиғи қаумал аумағында 38 көл бар.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?