Ағымдағы жылдың 22-24 қараша күндері Алматы қаласында Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің табиғат қорғау мекемелерінің қатысуымен «SMART-патрульдеу және мониторинг жүйесін енгізуден алынған нәтижелері негізінде» тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты — SMART мамандары қауымдастығын қалыптастыру және өзара тәжірибе алмасу. Осы кездесуде «Ырғыз-Торғай МТР» РММ-нің Өсімдіктер мен жануарларды қалпына келтіру бөлімінің басшысы И.Жакенов қатысып, мекемедегі SMART-патрульдеу жумыстарын таныстырып, нәтижелі жұмыстарымен бөлісті.

