Ағымдағы жылдың 21-22 қараша күндері Атырау қаласында БҰҰДБ-ның ұйымдастыруымен Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқару жоспарын әзірлеу және бюджетті жоспарлауды күшейту мақсатында өңірлік семинар өтті. Осы семинарға «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ә.Сәскебай, Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Т.Сарыбаев және қаржы бөлімінің басшысы А.Жақып қатысты.


