«Шалқар тебізі» туристік маршруты «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ №2 «Атанбасы» табиғи аймағында орналасқан. Төлқұжаты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман және жануарлар дүниесі комитетінің 24.08.2022 ж №190 бұйрығымен бекітілді.
Маршруттың (соқпақ) ұзақтығы 509,5 км; оның ішінде жаяу-1,5 км, автокөлікпен–508 км. Экскурсиялық топтың лимиті (6-адам) аптасына 6- топ, бір айда 24 — топ.
Маршруттың атауы.
«Шалқар тебіз»
Маршруттың жіктемесі.
- бағыты бойынша: туристік-экскурсиялық;
- орналасу түрі бойынша: автомобильмен, суда, жаяу жүріс, аралас;
- қолданыс уақыты бойынша: маусымдық;
- ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық.
Негізгі географиялық пункттердің атауы.
Малайдар көлдер жүйесі, Дүйсенбі мешіті, Исатай мешіті, Жігіткөл, Бақшаққөл, Айырмола, Теңгелбай, Ыстық атпа.
Маршруттың ұзақтығы.
509,5 км. уақыт ұзақтығы аялдама уақытын қоса есептегенде 35 сағат.
Маршруттың жұмыс істеу мерзімі.
1-маусымнан бастап 1- қарашаға дейін.
Топтағы адамдардың ең көп саны.
Экскурсиялық топтың лимиті аптасына 6 топ (6 адамнан аспайтын) айға 24 топ (туристердің келу мөлшерімен).