«Торғай-Нұра» туристік маршруты «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ №2 Қосбүйрек табиғи аймағы мен Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумал территориясында орналасқан.Төлқұжаты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман және жануарлар дүниесі комитетінің 15.09.2021 ж. №27-5/186 бұйрығымен бекітілді.
Соқпақтың (маршруттың) атауы:
«Торғай-Нұра».
Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:
- бағыты бойынша: туристік-экскурсиялық;
- орналасу түрі бойынша: автомобильмен, суда, жаяу серуендеу, аралас;
- қолданыс уақыты бойынша: маусымдық;
- ұйымдастыру нышаны бойынша: топтық;
Негізгі географиялық пункттер атауы:
Телқара өзені, Шолақкөл, Бораншы көл, Көлжарма, Күйгенқала, Уәлі Торғай өзені, Шалқар-Нұра жаркемері (төбелері), Қожа бөгеті, Байтақкөл, Құланшы.
Соқпақтың ұзақтығы: 260 км, уақыт ұзақтығы 30 сағат аялдаманы ескере отырып.
Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі:
Маусым айынан бастап желтоқсан айының аяғына дейін.
Топтағы адамдардың ең көп саны:
Экскурсиялық топтын лимиті аптасына 4 топ (1 топ 6-адамнан аспауы тиіс), айына 16 топ (туристердің келу мөлшерімен).



