Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгіленген. Яғни, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні ретінде аталып келеді. Жастар күнін мерекелеу, жастар арасында кеңінен насихаттау барысында Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5-11 тамыз аралығында Жастар.Жетістік.Құрмет атты жастар апталығы өткізілді. Апталық 7 тармақтан тұрады, соның бірі «Жастар көшбасшысы» интеллектуалды сайысы бойынша резерват жастарынан құралған топ 1 орын иеленді. Екінші кезең «Таза Қазақстан» тазалық акциясы, бұл кезеңде жастар тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауыл тазалығына атсалысты. Үшінші кезең еркін тақырыпта поэзия оқуда резерват қызметкерлері Садуақас Дарын мен Нұрланұлы Мағжан алғыс хатпен марапатталды және Stund-up бөлімінде Садуақас Дарын 2-ші орынға ие болды. Төртінші кезең «Мектепке жол» акциясы, осы кезең бойынша резерват жастары белсенділік танытып, оқушыларға мектепке қажетті оқу-құралдарынан сый-сияпат жасады. Соңғы кезең Жағажай волейболы сайысындарезерват жастарынан құралған «Барыс» командасы жүлделі 2-ші орын алды. Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – жастар күніне орай өткізілген қоғамдық шараға қатысып, белсенділік танытқаны үшін Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының жастары алғыс хатпен марапатталды.






