ҚР Орман шаруашылығ және жануарлар дүниесі комитетінің және ҚР ІІМ ұсыныс хатына сәйкес мекеменің бас директорының орынбасары м.у.а Ә.Сәскебай және заңгер бас маман А.Ақылесов Алаяқтан сақ болайық тақырыбында мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта Елімізде интернет алаяқтығының саны күрт өскен. Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып барады. ІІБ мамандары қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескертуде.
Ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау, арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық маңы. Әсіресе сұранысқа ие Instagram әлеуметтік желісінде кімнің ақ, кімнің арам екенін ажырату өте қиын. Осындай алаяқтық фактілерге байланысты резерват қызметкерлерімен бірге брифингте талқыланды.

