🌿2024 жылдың 17-18 мамыр күндері «Жасыл өсу контексінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, сценарийлер, тұжырымдама және болжамды бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша Астана, Алматы қалаларынан С.Б.Нурашов, А.А.Иманалинова, Г.Сыпабекқызы, К.Избастина ботаник, зоолог мамандары келіп, Ырғыз — Торғай резерватымен танысып, экскурсия жасады.
Екі күндік іс-сапарда мамандар бас директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары м.у.а Ә.Сәскебаймен бірге Торғай зоологиялық қаумалы және резерват территориясындағы өсімдіктерден гербарийлер жинақтады. Бұл жұмыстардың қорытындысы алдағы уақытта шығатын болады.
Еліміздегі осындай білікті мамандармен жұмыс жасау алдағы уақытта да жоспарланып отыр.








