2024 жылдың 21 мамыр күні Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының «Ғылыми ақпараттық және мониторинг» бөлімінің ғылыми қызметкерлері Қ.Алданов, Г.Жоныс, «Жануарлар мен өсімдіктерді қалпына келтіру » бөлімінің бас маманы А.Әліпбаева және мемлекеттік инспектор Қ.Кулсейтова «Парктер шеруі-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов ауылы М.Жұмабаев атындағы ЖББОМ-нің 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесуде «Резерват биоалуантүрлілігі» тақырыбында резерват территориясында кездесетін сүтқоректілер, оның ішінде киіктер туралы презентация көрсетіліп, ақпараттар берілді.




