2024 жылдың 28 мамыр күні республикалық «Парктер шеруі-2024» акциясы аясында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты және Ырғыз аудандық Көркемсурет мектебімен бірлесе отырып «Көктем келді-құстар келді» тақырыбында резерват ауласында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты : Резерват территориясындағы Қызыл кітапқа енген құстармен таныстыру.
Байқау барысында оқушылар резерват территориядағы өзі қалаған құстардың суретін салды. Байқаудың қорытындысы «Парктер шеруі — 2024» акциясының жабылуында қаралып, қатысқан оқушылар марапатталатын болады.








