📌Мемлекеттік әуе санақтың нәтижесіне сәйкес, 2024 жылғы сәуірге қарай Қазақстандағы киік саны — 2 833 600 бас.
Былтырмен салыстырғанда, ақбөкен саны 48% артқан.
Жайық популяциясы — Қазақстандағы киіктердің ең үлкен популяциясы, онда 1 620 000 дарақ, одан кейінгі Бетпақдала популяциясында — 1 150 000, ал Үстірт популяциясында 63 600 бас киік бар.
Орман шаруашылығы мен жануар дүниесі комитеті тапсырыс берген киіктердің әуесанағына Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) мен басқа да ғылыми және табиғат қорғау ұйымдары қатысты.
