🌍 “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ  ЖАЛҒАСУДА!

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері  Ырғыз ауданының  көшелеріне «Таза Қазақстан » экологиялық акциясы аясында тазалық сенбілік жұмыстарын жүргізді.

📌Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылып келе жатқан “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аудан тынысының кеңеюіне үлесін қосуда. Сенбілік арқылы Ауданды  көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді.

📌Экологиялық тазалық  шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, аялау және оны таза қаз-қалпында сақтап қалу біздің басты міндетіміз екенін ұмытпаған жөн!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?