Жер шарында шамамен 8600 түрден құралған құстар класының 252 түрі резерват территориясы аумағын мекендейді. Тіршілік ету ерекшеліктеріне байланысты бұл аймақта отырықшы, ұшып өтетін және уақытша аялдайтын жыл құстары болып бөлінеді. Ырғыз -Торғай өлкесі Қазақстан және Орта Азия бойынша «Маңызды орнитологиялық территориялар» (Ключевые орнитологические территории) қатарына енгізілген сулы-батпақты өлкесі бар аумақ. Жыл сайын Қазақстан жері арқылы 50 млн-нан астам жыл құстары қоныс аударатын болса, содан 1,5 млн-дай құс осы Ырғыздың сулы-батпақты алқаптары арқылы өтіп, 100 – ден астамы ұя салып өсіп-өнеді. Біздің территориямызда мекендейтін құстар су, су маңы, дала құстары, жыртқыш құстар болып бөлінеді.
Халықаралық маңызы бар далалық экожүйе мен сулы-батпақты алқапты ұштастырған ерекше қорғаудағы аумақ, ол — «Ырғыз-Торғай резерваты». Бұл жерде құстардың 129 түрі ұшып өтетін, 123 түрі ұялайтындар болып, 19-отрядқа, 48-тұқымдасқа бөлінеді. Осы қанатты тіршілік иелерінің 10 түрінің қысы-жазы мекендеу ортасы «резерват территориясы». Бұл өңірде құрғақ континентальдық климат қалыптасқан. Жазда жылы, шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз еркін жетеді, ал қыста Ырғыз өңірі сан ғасырдан бері табиғи ылғалдың жеткіліксіздігімен, ыстық та қуаң не қара суықты ауа райымен, аңызақ не аязды желімен, шаңды дауылымен, ылғалдың ауаға қарқынды булануымен,оған керісінше жер бетіне түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің мардымсыздығымен ерекшеленеді, яғни жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарлы, аязды келеді.
«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» территориясында және Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы территориясындағы суы бар жерлерде су және су маңын мекен ететін сонымен бірге, далалық жерлерде кездесетін құстарға жыл бойы тұрақты бақылау жұмыстары жасалынады. Құстардың алғашқы ұшып келу уақыты, топтасып келу мерзімі және күзгі соңғы ұшып кету мерзімдеріне мониторинг жасалынады. Оның ішінде, Қызыл кітапқа енген құстар ерекше назарда. Ырғыз-Торғай резерваты аумағындағы Қазақстан бойынша және әлемдік маңызы бар, Қызыл Кітапқа енген құстарға далалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы резерват және қаумал территориясында Қазақстанның Қызыл кітабына 34, ал, Халықаралық Қызыл кітап тізбесіндегі 15 құс түрлері кездеседі.
Солардың бірі — Қоқиқаз түрлес отряды -Отряд фламингообразные – Phoenicopteri formes, Қоқиқаздар тұқымдасы — Cемейство Фламинговые – Phoenicopteridae -Қоқиқаз -Фламинго-Phoenicopteris roseus
ҚР, ХТҚО Қызыл кітапқа енгізілген, аз санды ұя салатын түр, категориясы-2.
Өте әдемі және ерекше құс, ірі болғанымен салмағы 4 кг-дай ғана. Қауырсындарының реңі қызғылт,олар шоғырлар құрып тіршілік етеді. Мұнара тәрізді ұяларының биіктігі 60 см. Конустың ұшындағы кішірек шұңқырға 1-3 ақшыл-сұр жұмыртқа салады, балапаны тұтастай сұр,кейін қызғылт түске боялады. Балапанын ересектері өздерінің жартылай қорытылған қорегімен қоректендіреді. Сәуірден қыркүйек айларына дейін кездеседі.
Резерват территориясында алғаш 2014 ж — Бақшақ көл, Алабұғалы көл, Жігіт көл, Үлкен Қарақатын көл, Шұбаркөл, Алакөл, Бөкенкөлден, 2015 ж — Жігіт көл, Алабұғалы көл, Бәйтерек көл, Соркөл, Шұбаркөлден, 2016ж- Жігіткөл, Бақшақ көл, Қаракөл, Соркөл, Үлкен Қарақатын көлден, 2018 ж- Бөкен көл, Жаркөл, Жігіт көл, Кіші қарақатын көл, Бақшақ көл, Соркөлден, 2019 жылы Құрдым, Түйеқамыс, Жалаңаш көл, Жаныс көл, Сәмет бөгеті, Соркөл,Теңгелбай жерлерінде кездессе, 2020-2024 жылдары Шолақкөл, Жігіткөл, Құрдым жерлерінен тіркелді.

