ЕҚТА территориясындағы өсімдіктер жамылғысына бақылау жүргізу, зерттеу жұмыстары

Қазақстанның флорасы өсімдіктерге өте бай. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді. Сондықтан халық өсімдіктерді – басқа пана, жанға сая деп бағалаған.

Қоршаған ортаның жағдайының көрсеткіші ретінде өсімдікті пайдалану – өсімдік өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін көрсетеді. Түр құрамы, өміршеңділік, фенология, өсу ритмі және өсімдіктің сыртқы көрінісі – қоршаған ортаның сенімді көрсеткіші.

Биоалуантүрлілікті сақтау, қорғау мақсатында елімізде бірнеше ерекше қорғауға алынған аймақтар (ЕҚТА) құрылды. Солардың бірі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы аумағындағы «Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ. Негізгі қорғау нысаны – киік. Дегенмен, территорияға тиесілі барлық тірі және өлі табиғатты бақылау, зерттеу міндетіміз. Резерват құрылған жылдан бастап биоалуантүрлілікті бақылау, түрлерді анықтау мақсаты қойылды. Іс — сапарлар ұйымдастырылып, әсіресе басқа табиғат қорғау мекемелерімен және ЖОО-мен бірлескен жұмыстар нәтижелі болды. Мысалы, ЕҚТА территориясындағы өсімдіктер жамылғысына бақылау жүргізіп анықтау мақсатында Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері, биология ғылымының кандидаты Г.Б.Сакауовамен, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мамандарымен, ботаниктерімен және «Жасыл өсу контексінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи шаруашылық және әлеуметтік — экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, сценарийлер, тұжырымдама және болжамды бағалау» ғылыми — техникалық бағдарламасы бойынша Астана, Алматы қалаларынан С. Б.Нурашов, А. А.Иманалинова, Г.Сыпабекқызы, К.Избастина ботаник, зоолог мамандарымен бірлескен бірнеше іс — сапар ұйымдастырылды.

Далалық зерттеулер мониторинг жасау үшін алдын – ала маршруттар белгілеу жұмыстарымен басталады, фенологиялық алаңдар бақыланып, гербарий жинау жұмыстары атқарылады.

Өсімдік жамылғысына мониторинг жүргізудің мақсаты биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған табиғат ортасының сапасына қолдау көрсету салаларында шешім қабылдау үшін ақпараттармен қамтамасыз ету. 2024 жылғы далалық іс — сапарлар бойынша ЕҚТА территориясында өсімдіктердің жай – күйін бақылауға арналған фенологиялық алаңдарға зерттеулер жүргізілді, гербарий жиналды. Барлығы 11 феноалаң бақыланды (Ақман, Қодар, Ортаңқол, Алакөл, Ерназар, Көлшеген, Төлеген, Малайдар, Қармақ көл, Ыстық атпа, Айырмола), 4-еуі (Баба, Қосбүйрек, Саршағыл, Жыланды) көктемгі су тасқыны салдарынан бақылау жүргізілмеді. Нәтижесінде мынадай түрлер тіркеуге алынды: ақ алабота (марь белая – chenopodium fibum ), ақ мия (брунец лисохвостный — vexibia alopecuroides), текесақал (додарция-dodartia L), жалбыз (мята- mentha L), андыз (девясил-inula), шеңгел (шингил серебристый — halimodendron), қамыс (тростник обыкновенный-phragmites communis), үшкір жеміс жиде (лох остроплодный — elaegnus), кәдімгі бақбақ (одуванчик обыкновенный- тaraxacum officinale), жабайы жуа (лук ветвистый или лук дикий – аllium ramosum), кәдімгі жантақ (верблюжья колючка – alhagi pseudоalhagi), бақажапырақ (подорожник — рlantago), кәдімгі адыраспан (гармала обыкновенная — рeganum harmala L.), киікоты (зизифора-ziziphora), қызыл мия (солодка голая – glyzyrrhiza glabra L.), кәдімгі мыңжапырақ (аchіllea mіllefolіum), тікенді ошаған (репейник иглистый — r.acicularis Lindl), сары түйежоңышқа (лат. Melilotus officinalis), томарбояу кермегі (кермек гмелина — limonium gmelinii (Willd)), татар рауғашы (ревень татарский — rheum tataricum), кәдімгі түймешетен (пижма обыкновенная- тanacetum vulgare), далалық шырмауық (вьюнок полевой — сonvolvulus arvensis), қызылша(кузьмич шөбі) (эфе́дра двухколоско́вая- еphédra distáchya ), кәдімгі өгейшөп (мать — и — мачеха обыкновенная — тussilago farfara ) т.б. территорияда кездесетін көпшілігі дертке шипа, жанға дауа байлықтарымыз.

Ғылыми қызметкер А.Жаушыбаева

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?