Резерват территориясында киіктердің миграциясына бақылау жүргізу және Шалқар тебізінің су деңгейіне мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатындағы іс-сапар

2024 жылдың 11-13 қыркүйек күндері мекеменің ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімінің кіші ғылыми қызметкері  Қ.Алданов, ғылыми қызметкер А.Байзол резерват территориясында киіктердің миграциясына бақылау жүргізуге және Шалқар тебізінің су деңгейіне мониторинг жұмыстарына жүргізу мақсатында іс-сапарда болды. Іс-сапар барысында Ырғыз- Торғай резерваты территориясының Атанбасы табиғи аймағының Теңгелбай шоқысына су көздерін бақылау мақсатында гидропост (су деңгейін өлшегіш) орнатты.  Бақылау барысында Шалқар тебіз суының деңгейінің 40см кейінге тартылғаны анықталды. Құрдымның су деңгейі толық. Сол жердегі су теңіз деңгейінің биіктігі 54 м көрсетті.

Сонымен қатар, резерват территориясындағы артизан ұңғымаларының су жылдамдығын өлшеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өткен жылдармен салыстармалы түрде Жылы атпа суының жылдамдығы 15 л/с, Ыстық атпа 11 л/с ұлғайғаны анықталды. Ыстық атпа жерінің теңіз деңгейінен биіктігі 69 м, Жылы атпа 51 м құрады.

Сондай-ақ, Шалқар тебізінің жағалауындағы қоқиқаздарға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 5950 қоқиқаз тіркелді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?