Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған рубрика

Адам өзі қоршаған ортамен бірге өсіп, біте қайнасып келеді. Өзі де осы табиғаттың бір бөлшегі десе де болады. Бүгінгі біздің мақалмыздың қаһарманы “Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының” мемлекеттік инспекторы Шүңкеев Алмат Бейбітұлы 1983 жылы 30тамыз күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келді. 1990-2001 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде, 2003-2006 жылдар аралығында Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде білім алды.

🔹 2007 жылы “Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты” РММ-не мемлекеттік инспектор болып жұмысқа орналысты. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш, қызметтік міндеттерін адал орындайды. Сонымен қатар, қоғамдық шараларға белсене араласады.

Құрметті, Алмат Бейбітұлы! Табиғатты қорғаудағы еңбегіңіз елене берсін! Жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?