🔹Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған рубрика🔹

Мекеменің мемлекеттік инспекторы Білісбаев Нұрлан Елеусізұлы 1978 жылы 15 сәуір күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында дүниеге келді. 1984-1991 жылдар аралығында Дүкен негізгі мектебінде оқыды.  2001-2003 жылдары Отан алдындағы борышын Жаркент шекара заставында өтеді.

🔹2007 жылы “Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватына” мемлекеттік инспекторы қызметіне қабылданып, қазіргі уақытқа дейін қызмет етіп келеді.  Өз ісін жетік білетін, әріптестерінің арасында беделді, тәжірибелі маман.

Құрметті, Білісбаев Нұрлан Елесізұлы! Табиғатты қорғаудағы еңбегіңіз елене берсін! Жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?