13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай “Ырғыз-Торғай МТР”РММ-нің мәжіліс залында мерекелік жиын өтті. Бас директордың ғ.ж.ж орынбасары м.у.а Ә.Сәскебай қанмен келген тәуелсіздіктің тарихымен таныстырды, “Экологиялық ағарту және туризм” бөлімінің басшысы Т.Сарыбаев тәуелсіздіктен кейінгі елдегі елеулі өзгерістерге тоқталып, бейнебаяндама жасады. Мекеменің бас директоры А.Л.Бақтыбаев ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, жыл қорытындысы бойынша қызметкерлерді алхыс хатпен марапаттады. Марапат иелеріне бастауыш кәсіподақ ұйымы ақшалай демеушілік көрсетті. Мемлекеттік инспекторлар М.Қарымсақ, Қ.Сырымбет ұжымды тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

