Қазақстан Биоалуантүрлілігін сақтау Ассоциациасы (ҚБСА) Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватымен тығыз байланыс орнатып, табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, мониторингтік ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін керекті материалдық қажеттіліктерге демеушілік көрсетіп келеді.
Бүгінде резерват орнитофаунасының дамуына көмекші, мемлекеттік инспекторларға қажетті құстар анықтамалығын тарту етті. Ұжым атынан алғыс білдіре отырып, еңбектеріңізге толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз.


