🌱“Парктер шеруі” табиғатты қорғау акциясы аясында және Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай “Аққайың” бөбекжай-бақшасының ересек “Күнім” тобының тәрбиеленушілері ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасына қатысты.🌱Баланы қоршаған айналамен таныстыра отырып, табиғатты сүюге, аялауға, қорғай білуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге, жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған жалпыұлттық акцияға ат салысты.