Ақтөбе облыстық тарихи — өлкетану музейінде “Парктер шеруі-2025” табиғатты қорғау акциясы аясында танымдық экошара болып өтті. Мекеме қызметкерлері Ә.Жаушыбаева және Г.Жоныс көшпелі көрме жәдігерлерін түсіндіріп, Ырғыз-Торғай биоалуантүрлілігі туралы ақпарат берді. Слайд арқылы қатысушыларға аталған акцияның маңыздылығы мен мақсатын түсіндіріп, баяндама жасады.