“Парктер шеруі” табиғатты қорғау акциясы

10 сәуір күні “Парктер шеруі” табиғатты қорғау акциясының аясында “Бүкілқазақстандық ағаш егу күніне” орай Ырғыз -Торғай мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ырғыз гимназиясының оқушылары мектеп, интернат ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Аталған іс-шараның мақсаты-қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ата-бабамыз «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаса керек. Жалпы ауданда ауыл-аймақты абаттандыру, көркейту жұмыстары кең етек алып келеді. Әр түп талдың тамыр жайып, бой көтеріп кетуі үшін атқарылатын жұмыстары көп, бүгінгі егілген тал-шыбықтар ертеңгі күні мектептің келбетіне сән беріп тұратын саялы ағашқа айналып кетуі біріге жасаған жұмыстардың жемісі болмақ. Сондықтан тал егу үрдісіне әр адам өз үлестерін қосуда.
Таза қазақстанды бірге құрайық!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?